Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай ауруханамыздың конференц-залында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін бір мезгілде орындау рәсімі өтті.
Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің, ұлттық мақтанышының нышандары. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – Отанға деген адалдықтың, қоғам алдындағы жауапкершіліктің және кәсіби міндетті абыроймен атқарудың көрінісі.
Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, амандық, еңбектеріңізге табыс және елімізге тыныштық тілейміз.