Бүгін 1.06 балаларды қорғау күні @diabetes_academy_kz жеке қорының ұжымы 2 балалар ауруханасының күрделі соматика бөлімінде 1 тип қант диабеті диагнозымен ем алып жатқан балаларымызды құттықтауға бардық.
Емхананың басшыларына, бөлімшенің дәрігерлеріне, басқа да медициналық қызметкерлерге үлкен алғысымызды білдіреміз. Балалармыз аман есен сауығып үйлеріне, ата аналарының құшағына оралсын! Барлық балаларға бақытты балалық шақ пен жарқын болашақ тілейміз!