Медицина саласындағы тәжірибе мен үздіксіз ізденістің нәтижесінде дәрігерлеріміздің авторлығымен «балалардағы интоксикация, токсико-метаболикалық және аутоиммундық бұзылыстар кезінде кешенді интенсивті терапия аясында аферез әдістерін қолдану» атты нұсқаулық жарық көрді.
Нұсқаулықтың салтанатты таныстырылымы ауруханамыздың директоры Г.Е. Кулушеваның қатысуымен өтті. Гульнар Ережеевна өз жылы лебізін білдіріп, ұжымымызға сәттілік пен толағай табыстар тіледі.
Бұл ғылыми-тәжірибелік еңбек балаларға көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмектің сапасын арттыруға, интенсивті терапия мен аферез әдістерін заманауи деңгейде тиімді қолдануға үлкен үлес қосады деп сенеміз.
Ортақ іске атсалысып, осы нұсқаулықтың жарық көруіне еңбек сіңірген әріптестерімізге шынайы алғысымызды білдіреміз!