«АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ № 2 КӨПБЕЙІНДІ ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ» ШЖҚ МКК ҚЫЗМЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
2026 жылғы 1 маусым мен 13 шілде аралығында Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-да (бұдан әрі – Кәсіпорын) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 11-тармағына сәйкес келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу аясында мүдделі тұлғалар Кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өз ұсыныстарын, ескертулерін және ақпараттарын жолдай алады.
Ашықтықты, айқындықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу Кәсіпорын қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.