ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 3656 әскери бөлімінде өткен “Аналар күні мен Отбасы күніне” арналған мерекелік апталық аясында ұйымдастырылған кездесуге қатыстым.

Кездесу тақырыбы «Отан — қоғамның тірегі, ал ана — әр шаңырақтың жүрегі». Бұл басқосу отбасы құндылықтарын нығайту, өскелең ұрпақты тәрбиелеу және қоғамдағы рухани-адамгершілік бағыттарды дәріптеу мәселелерін біріктірді.

Іс-шараға Айтбаева Светлана Ермекқызы - Астана қаласы Әйелдер істері отбасы және демография жөніндегі комияссияның мүшесі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің иегері;

Рахым Арайлым Рахымқызы - Аналар кеңесі мүшесі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері;

Бермағанбетова Айнұр Бермағанбетқызы - Әйелдер мүшелерінің төрайымы, іскер, кәсіпкер, балабақша құрылтайшысы, қоғам белсендісі;

Полковник Мухамеджанова Эра Мухамеджанқызы - Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әйелдер кеңесінің төрайымы қатысты.

3656 әскери бөлімінің басшылығына шақырғаны және жылы қабылдауы үшін алғыс білдіремін! Мұндай кездесулер отбасы құндылықтарын дәріптеуге, ананың қоғамдағы орнын айқындауға және рухани бірлікті нығайтуға ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.