Бүгін Астана қаласы «Сарайшык» аудандық филиалында «AMANAT» партиясының Әйелдер қанатының салтанатты ашылуына қатыстым.
Іс-шара барысында «Әйелдердің денсаулығын нығайтуға және отбасы институтын қалыптастыруға жәрдемдесу» басым бағытының тең төрағасы болып сайландым.
Бұл ұжымның бір бөлігі болу мен үшін үлкен мәртебе. Балалар клиникасының басшысы ретінде мен отбасының әл-ауқаты, балалар денсаулығы және сапалы медициналық қызметтің маңыздылығын жақсы түсінемін. Әйелдер қанатының жұмысына қатысу денсаулық сақтау саласын дамытуға, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға және жас ұрпақты қолдауға өз үлесімді қосуға мүмкіндік береді деп сенемін. Көрсетілген сенім үшін алғысымды білдіремін!