Бүгін Халықаралық мейіргерлер күніне орай біздің мейіргерлер арасында тамаша байқау ұйымдастырылды!
Қатысушылар өздерінің кәсіби шеберлігі мен мамандыққа деген адалдығын ғана емес, сондай-ақ талантын, шығармашылық қабілетін және жан жылуын көрсете білді.
Іс-шараға қатысып, қолдау көрсеткен құрметті қазылар алқасына алғысымызды білдіреміз.
Барша мейіргерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Кішкентай пациенттеріміздің саулығы жолындағы ерен еңбектеріңіз, қамқорлықтарыңыз бен төзімдеріңіз үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, бақыт және еңбектеріңізге табыс тілейміз!