Балалардағы кез келген жарақат — бір сәттік оқиға емес, ол ұзақ әрі кезең-кезеңімен жүретін емдеу үдерісі.
Құлау жағдайлары әртүрлі болуы мүмкін: самокаттан құлау, ойын алаңында құлау, биіктіктен құлау немесе тұрмыстық жарақаттар. Себеп бір болғанымен, салдарының ауырлығы әртүрлі болуы мүмкін.
Кез келген жарақат міндетті түрде толық көлемдегі диагностикадан және тексеруден басталады. Осыдан кейін ғана дәрігерлер ем тактикасын — консервативті немесе хирургиялық емді — анықтайды.
Қажет болған жағдайда операция жасалады, ал емдеу мұнымен аяқталмайды. Одан кейінгі маңызды кезең — ағза қызметін қалпына келтіруге және баланың толыққанды өмірге оралуына бағытталған медициналық оңалту.
Қазақстанда медициналық көмек көлемі (диагностика, ем, операция және оңалту) медициналық көрсетілімдер болған жағдайда ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетіледі.