Балалардың биіктен құлау жағдайларына арналған сюжет аясында анестезиолог-реаниматолог дәрігер ауруханаға дейінгі кезеңде дұрыс әрекет ету алгоритмін еске салды.
Жарақат кезінде ең алдымен оқиға орнында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, зардап шегушіні қажетсіз қозғалтпау, есі мен тынысын бағалау, сондай-ақ 103 нөмірі арқылы жедел жәрдем шақыру қажет. Диспетчерге жағдай мен науқастың хал-жағдайын барынша нақты және толық жеткізу маңызды.
Мұндай жағдайлар шұғыл санатқа жатады және медициналық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетіледі.