ЖАҢАЛЫҚТАР

Жылы маусыммен бірге балалардың биіктіктен - ашық қалған терезеден құлау жағдайлары қатар келеді.

2025 жылы елорда бойынша 85 бала биіктіктен құлап, оның ішінде 9 жағдай өліммен аяқталды. Зардап шеккендердің басым бөлігі 1 жастан 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндер. Сондай-ақ, 5 жастан 13 жасқа дейінгі балалар түрлі жарақат алған.

Көп жағдайда қайғылы жағдайлар балалардың қараусыз қалу салдарынан орын алады. Балалардың табиғи қызығушылығы мен қоршаған ортаны тануға деген ұмтылысы оларды қауіпке итермелейді.

Биіктіктен құлаған балалар көбіне өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіледі. Көп жағдайда олар жан сақтау бөліміне түседі. Жарақаттардың ішінде көптеген сүйек сынулары; омыртқа жарақаттары; жабық бас-ми жарақаты; ауыр бас және ішкі ағза зақымданулары жиі кездеседі.

ЕҢ МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ: москиттік торларға сенбеңіз! Олар баланы құлаудан қорғамайды.

Ата-аналарға келесі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ұсынамыз:

– терезелерге арнайы блокаторлар орнату;

– металл торлар немесе қорғаныс құрылғыларын қолдану;

– терезе маңына жиһаз қоймау;

– балаларды ешқашан қараусыз қалдырмау.

Соңғы жаңалықтар

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.