ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» акциясы аясында қалалық балалар ауруханасында сенбілік өткізілді.

Мекеме қызметкерлері аурухана аумағын абаттандыру жұмыстарына қатысып, оны кішкентай пациенттер мен олардың ата-аналары үшін таза, жайлы әрі қолайлы етуге өз үлестерін қосты.

Аумақты көгалдандыруға қосқан қолдауы үшін «Мереке» қайырымдылық қорына ерекше алғыс білдіреміз! Қордың демеушілігімен ауруханаға 50 шырша көшеті беріліп, олар қор еріктілерінің қатысуымен отырғызылды.

Осындай бастамалар тек абаттандыру жұмыстарымен шектелмей, балалар үшін жылы әрі қамқор орта қалыптастыруға бағытталған. Ортақ іске үлес қосқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05

Соңғы жаңалықтар

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.