Әсіресе ортопедия бағытындағы заманауи әдістердің өңірлерде қолданысқа енуі – маңызды жетістік.
Алғаш рет Түркістан облысы аумағында озық ортопедиялық технологиялар тәжірибеге енгізіліп, сала мамандары үшін арнайы шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Бұл – дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, науқастарға көрсетілетін көмектің сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Осындай бастамалар өңірлердегі медицинаның дамуына серпін беріп, заманауи емдеу тәсілдерінің қолжетімділігін арттырады. Ең бастысы – бұл жұмыстардың барлығы халықтың денсаулығы үшін, болашақ ұрпақтың игілігі жолында жүзеге асырылуда.