ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қалалық балалар ауруханасына 13.04.2026 күні Астана қаласынан тәжірибелі ортопед-дәрігер Ағабек Чикинаев арнайы келіп, науқастарға консультативтік қабылдау жүргізді.

Қабылдау барысында балалар толық тексерістен өтіп, нақты диагноздар қойылды. Нәтижесінде 8 науқасқа жоспарлы түрде хирургиялық ем көрсету туралы шешім қабылданды.

Кеше және бүгін жоспарға сәйкес балаларға күрделі ортопедиялық операциялар сәтті жасалды. Бұл – өңір тұрғындарына жоғары деңгейдегі мамандандырылған медициналық көмекті қолжетімді етіп, балалар денсаулығын жақсартуға бағытталған маңызды қадам.

 

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.