Бұл күн – адамдардың бір-бірімен қауышып, амандық сұрасып, жылы лебіздерін білдіретін ерекше мереке. Қыстан аман-есен шыққан халық бір-бірімен қол алысып, құшақтасып: «Бір жасыңмен!» деп тілек айтады.
Көрісу күні – тек амандасу ғана емес, бұл – татулықтың, сыйластықтың және бірліктің белгісі. Осы күні адамдар бір-бірінің үйіне барып, үлкендерден бата алып, дастархан басында ақ тілектер айтады. Араз адамдар татуласып, жүректерге жылулық сыйлайтын күн.
Баршаңызға амандық, зор денсаулық, шаңырақтарыңызға береке, әр шаңыраққа қуаныш тілеймін.
Жылымыз жақсылыққа толы болсын!
Бір жасыңызбен!