Мейіргерлер кеңесінің оқу секторының ай сайынғы жоспарына сәйкес ауруханада мейіргерлерге арналған оқыту сабақтары тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Бұл жолы жақ-бет хирургиясы бөлімі дайындап, «Процедуралық кабинет жұмысы» тақырыбында өткізді.
Оқу барысында келесі практикалық дағдылар көрсетілді:
стерильді және стерильді емес қолғаптарды дұрыс кию және шешу;
антибиотиктерге сезімталдыққа сынама жүргізу;
тері-аллергиялық тест жүргізу.
Бөлімнің жауапты қызметкерлері оқу бейнероликтерін дайындап, тәжірибелік көріністер арқылы көрсетілім жасады.
Осындай сабақтар мейіргерлердің кәсіби деңгейін арттыруға және пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған.