8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында біздің мекемеде «Әлемді емдейтін жандарға – сүйіспеншілікпен» атты мерекелік концерт өтті.
№2 КҚБА ерлер ұжымы күн сайын мейірімі мен жан жылуын сыйлап, адамдардың денсаулығына қамқорлық жасап жүрген әйелдер қауымын шын жүректен құттықтады.
Сіздерге көктемдей жарқын көңіл-күй, әйел бақыты, зор денсаулық, отбасы амандығы мен еңбектеріңізге табыс тілейміз.
Құрметті ханымдар, мерекелеріңіз құтты болсын!