ЖАҢАЛЫҚТАР

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы Астана қалалық штабының өкілдері №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары — адам құқықтарын қорғау, заң үстемдігін нығайту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және әлеуметтік салаларды дамыту мәселелері талқыланды. Денсаулық сақтау саласын дамыту мен медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыруға ерекше назар аударылды.

Спикерлер медицина қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.