ЖАҢАЛЫҚТАР

 

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша өтетін жалпыұлттық референдум мәселелеріне арналған кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның ағымдағы барысы, жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері, сондай-ақ қоғаммен талқылаудың әрі қарайғы кезеңдері мен референдумға дайындық жұмыстары туралы өзекті ақпарат ұсынылды. Арнайы назар бір палаталық Парламентке көшу және адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдылығын күшейту сияқты концептуалдық өзгерістерге аударылды.

Біздің қызметкерлер референдумның негізгі аспектілері, Конституциялық комиссияның ағымдағы жұмысы және азаматтармен өзара әрекеттесудің келесі кезеңдері туралы хабардар етілді.

Алынған барлық мәліметтер қызметкерлердің әрі қарайғы қадамдары мен практикалық іс-әрекеттерінің негізі болады.

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.