ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін клиникада «Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі және Әлеуметтік кодекс» маңызды тақырыпқа арналған түсіндірме кездесу өтті.

Бірінші кезекте, Фондтың негізгі міндеттерінің бірі – халықты Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі, осы саладағы заңнамалық жаңалықтар және зейнетақы капиталының маңыздылығы туралы хабардар ету болып табылады. Кездесуде қызметкерлерге келесі мәселелер түсіндірілді: зейнетақы төлемдеріне арналған салық жеңілдіктеріндегі өзгерістер; жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары; «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы; Инвестициялық портфельді басқаруды таңдау құқығы және қордан аударымдар; онлайн сервистер мен қызметтерді пайдалану мүмкіндіктері.

Кездесуді Астана қаласындағы «БЖЗҚ» АҚ филиалының мобильді қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Құрманғалинов Мұрат Қайрулұлы жүргізді.

Қоғамдық қамсыздандыру мәселелерін жақсырақ түсінуге көмектесетін қызықты және практикалық ұсыныстар үшін алғыс айтамыз!


Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.