Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК 2026 жылғы 22–23 қаңтарда Астана қаласында «Балалардағы созылмалы остеомиелитті емдеу және балалар ортопедиясындағы Илизаров әдісі» тақырыбында екі күндік ғылыми-практикалық мастер-класс өтетінін хабарлайды.
Мастер-класс медицина ғылымдарының кандидаты, травматолог-ортопед дәрігер, Илизаров орталығының іріңді остеология клиникасы ғылыми зертханасының меңгерушісі Судницын Анатолий Сергеевичтің жетекшілігімен өткізіледі.
Мастер-класс бағдарламасына мыналар кіреді:
• балалардағы созылмалы остеомиелитті диагностикалау;
• оперативтік араласуларға дайындық;
• көрсетілімдік операциялар және клиникалық жағдайларды талдау;
• балалар ортопедиясында Илизаров әдісін қолдану;
• Илизаров аппаратын пайдалана отырып операциялар жүргізу;
• операциядан кейінгі емдеу және оңалту мәселелерін талқылау;
• қорытынды отырыс және қатысушыларға сертификаттарды табыстау.
Өтетін орны: Астана қаласы, Р. Қошқарбаев даңғылы, 64.
Қатысушыларды тіркеу ресми сайтта келесі сілтеме арқылы жүзеге асырылады:
Профильдік мамандарды мастер-классқа белсенді қатысуға шақырамыз.