ЖАҢАЛЫҚТАР

Денсаулық сақтау министріне кішкентай Алиса есімді қыздың анасы көмек сұрап жүгінді. Бала Жезқазған қаласында аппендицит, перитонитпен асқынған диагнозымен ауруханаға жатқызылып, оған шұғыл ота жасалған. Алайда айқын қабыну процесі болғандықтан, жағдайы ауыр болды.

Медициналық көрсетілімдер бойынша Алиса Астанаға шұғыл түрде ауыстырылды. Қызды санитариялық авиация арқылы біздің клиникаға жеткізді.

Алғашқы сағаттардан бастап дәрігерлер қарқынды ем жүргізіп, барлық қажетті тексерулерді жасап, емдеу тактикасын белгіледі. Қазіргі уақытта Алиса реанимация бөлімінде жатыр, ем жалғасуда.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы кішкентай науқасты жеке барып көрді.

Қазіргі кезде жағдайы біртіндеп жақсарып келеді, дәрігерлер баланың өмірі үшін күресті жалғастыруда.

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.