ЖАҢАЛЫҚТАР

Eni итальян компаниясының өкілдері ұзақ мерзімді әріптестікті дамыту жоспары аясында қаланың медициналық ұйымдарына танысу сапарларын өткізуде. Сол нысандардың бірі ретінде біздің стационар таңдалды.

Сапар барысында қонақтар клиниканың қызметімен жан-жақты танысты. Оларға компьютерлік және магниттік-резонанстық томография кабинеттері көрсетіліп, қабылдау және жарақат бөлімшесіндегі пациенттің қозғалыс маршруты таныстырылды. Сондай-ақ бейінді бөлімдер, реанимация және операция блогы араланды. Кездесу кезінде жабдықтармен қамтамасыз ету, жұмыс үдерісін ұйымдастыру және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

Итальяндық Eni жергілікті серіктестермен бірлесе отырып, балалар денсаулығын қорғау саласын жетілдіру және білім беру жобаларын дамыту бағытында жұмыс жүргізуде.

Сапардың басты мақсаты – тәжірибе алмасу, сондай-ақ педиатрия саласында озық халықаралық тәжірибелерді қолдануға, мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға және денсаулық сақтау саласындағы серіктестік қатынастарды нығайтуға бағытталған бірлескен мастер-класстар мен оқу бағдарламаларын өткізу мүмкіндіктерін талқылау.

 

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.