Абай облысының Үржар ауданында жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі бала ауыр халде санитарлық авиация арқылы біздің ауруханаға жеткізілді.
Астана қаласының №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының дәрігерлер тобы күрделі операциялар жасап, толыққанды ем жүргізді. Дәрігерлердің кәсібилігінің арқасында балалардың өмірін аман алып қалу мүмкін болды.
Бүгін балалар үйлеріне шығарылды. Ата-аналары балаларының қайтадан күлімдеп жүргенін көргенде, дәрігерлерге шын жүректен алғыстарын білдірді.
Ең бастысы – олардың өміріне ешқандай қауіп жоқ. Алдағы уақытта оңалтулары жеңіл өтіп, тек денсаулық пен бақытты балалық шақ тілейміз.