ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова және Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Шайзадақызы Рүстемова Үржарда болған қайғылы оқиғадан зардап шеккен балалардың жай-күйін білу үшін келді.

Сапар барысында аралау жүргізіліп, балалардың анасымен әңгімелесті. Барлық қажетті медициналық көмектің толық көлемде көрсетіліп жатқаны айтылып, қолдау білдірілді.

Дәрігерлер балалардың өмірін құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.