Спартакиаданың аралық нәтижелері бойынша біз алдыңғы қатардамыз! Астана қаласы әкімдігінің №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының командасы 37 ұйым арасынан сенімді түрде 4‑ші орынға орналасты.
Біздің спортшылар шаңғы жарысы, шахмат, волейбол және теннис сынды сайыстарда тамаша нәтиже көрсетті. Бұл – команданың бірлігі мен жігерлі рухының жемісі!
Алда жеңіл атлетика, мини‑футбол, арқан тартыс және гир көтеру жарыстары күтіп тұр. Біз күресімізді ары қарай жалғастырып, тек жеңіске ұмтыламыз!