«Таза Қазақстан» экологиялық айлығы аяқталды. Айлық аясында аурухана аумағында сенбіліктер ұйымдастырылды.
Мекеме қызметкерлері санитарлық тазалық жұмыстарына, ағаштар мен жиек тастарды әктеуге, аумақты ретке келтіру және жасыл желекті күтіп-баптау шараларына белсенді қатысты.
Мұндай бастамалар тек айналамызды таза әрі жайлы етуге ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға деген жауапты көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді.
Қатысқан барлық қызметкерлерге еңбекқорлығы мен белсенділігі үшін алғысымызды білдіреміз!