ЖАҢЫЛЫҚТАР

Біздің ауруханада аға мейіргерлердің басқарушылық құзыреттілігін арттыру мақсатында тәжірибелі психолог Адаева Г. Б.-мен дәріс-талқылау ұйымдастырылды. Іс-шара барысында персоналды басқарудың негізгі тәсілдері, командалық жұмыс тиімділігін арттыру әдістері, мотивацияны күшейту стратегиялары және кәсіби күйзелудің алдын алу мәселелері қарастырылды.

Сондай-ақ, «Акниет» кәсіподақ ұйымының төрайымы Абдырова С. А. Қытай Халық Республикасының медициналық ұйымдарымен ынтымақтастықты көздейтін халықаралық жобаны таныстырды. Іріктеу нәтижесінде тәжірибе алмасу бағдарламасына қатысатын медициналық қызметкерлер анықталды. Бағдарлама денсаулық сақтау саласындағы басқарудың заманауи тәсілдерін меңгеруге бағытталған. Аталған жоба тиімді тәжірибелерді енгізуге және халықаралық кәсіби әріптестікті дамытуға ықпал етеді.

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.