ЖАҢЫЛЫҚТАР

Балалар терезеден құлап жатыр…

Тіпті қыс мезгілінде де елордада балалардың биіктен құлау оқиғалары тіркелуде. Жыл басынан бері № 2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне ауыр жарақаттармен үш бала түсті.

Дәрігерлердің айтуынша, басты себеп – ересектердің салғырттығы.

Қауіпті статистика:

2024 жылы 63 бала терезеден құлау оқиғасы тіркелген, олардың 33-і ауыр халде ауруханаға жатқызылған, 4 жағдай өліммен аяқталған.

Қайғылы жағдайдың алдын қалай алуға болады?

✔️ Баланы ашық терезесі бар бөлмеде жалғыз қалдырмаңыз.

✔️ Балаларға терезе алдына шығуға рұқсат етпеңіз.

✔️ Терезеге шығуға мүмкіндік беретін жиһаздарды алыс қойыңыз.

✔️ Терезелерге арнайы құлыптау құрылғыларын орнатыңыз.

Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің қолында! Балаларыңызды қорғаңыз!

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.