Медициналық сақтандыру қоры сіздің мүддеңізді қалай қорғайтынын білгіңіз келе ме?
Қормен жұмыс істейтін медициналық ұйымдар келісімшартта белгіленген талаптарға сай болуы тиіс. Бұл ең алдымен, денсаулық сақтау саласындағы қызмет сапасын көтеру үшін қажет.
Келісімшарт бекітер алдында әрбір жеткізуші өз компаниясында жұмыс істеуге қажетті жағдай жасалғанын және тиісті өндірістік базасы барын растап, лицензияларын көрсетеді. Сонымен қатар, білікті еңбек персоналының кәсіби деңгейін растайтын сертификаттары болуы шарт. Мерзімі өтіп кеткен құжаттар мен кемшін түскен құжаттарды анықтауға постлицензиялық тексеріс көмектеседі.
Қор медициналық көмек ақысын қызмет кемшіліксіз, ақаусыз көрсетілген жағдайда ғана төлейді. Кемшіліктер үш деңгейлі сараптама арқылы анықталады: емдеу протоколдарының кем дегенде 20 проценті тексеріледі. Медициналық сақтандыру қорымен бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан жеткізуші клиникалар қызметінен табылған кемшіліктер мен арыз-шағымдар алдағы уақытта келісімшарт бекіту барысында міндетті түрде ескеріледі.
Қор – тек талапқа сай клиникалармен ғана келісімшарт бекітеді!
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тапсырмасына сәйкес, 2019 жылғы 7-8 маусымда сағат 10:00-ден бастап 17:00-ге дейін №2 қалалық балалар ауруханасында «Сүндет 2019» акциясы өтіп жатыр. Әкімдік берген тізіміне сәйкес, көп балалы отбасылардан 3-7 жас аралығындағы 110-нан астам балаларға арнап «Циркумцизия» (сүндеттеу) медициналық қызметі көрсетіледі.
Мақсаты – Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету. Барлық балаларға өтеусіз негізде «Циркумцизия» (сүндеттеу) медициналық қызметі көрсетіледі.
Акция аясында үздік мамандандырылған 10 балалар хирургтары ат салысады. Сонымен қоса акцияға Урологтар қоғамының Конгрессіне келген үздік урологтар да шақырылды.
Сондай-ақ, іс-шара аясында «BI Жұлдыз-ай» корпоративтік қорының қолдауымен арнайы балаларға арналған аниматорлардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.
Іс-шараға мешіт және аудан әкімдіктерінің өкілдері, урологтар қоғамының Конгресіне келген Түркияның шетелдік қонақтары шақырылды.
Gdb2astana.kz ресми сайтының «Ата-аналардың назарына» бөлімінде операциядан кейінгі кезеңде күту бойынша жадынама орналастырылған.
Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Шоранов Марат Едигеевич қолдауымен «Ана мен бала аллеясы» республикалық акциясын ұйымдастырды. Халықаралық отбасы күніне арнап өткізілетін осы акция аясында №2 қалалық балалар ауруханасының аумағына ағаштар егіліп, беседкалар орнатылды.
Акцияның мақсаты: халықтың елдің барлық қалаларындағы әлеуметтік маңызды объектілерді абаттандыруға және көгалдандыруға жеке үлесін қосу арқылы азаматтық ұстанымды жандандыру. Акция аясында шамамен 180 көшет отырғызылды.
Раушан Сарсембаева, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының президенті:
«15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Бұл күні әр елдерде отбасы құндылығын насихаттау және қоғамдағы әйелдер мен балалардың проблемалары туралы хабарландыруды арттыру үшін түрлі шаралар мен акциялар өткізіледі. Отбасы арқасында мемлекеттіміз нығайып дамиды. Елдің хал-ахуалы артады. Сондықтан біз бұл мерекені ерекше, пайдалы істермен атап өткіміз келеді».
Акцияның басты негізі – отбасы, ана мен бала рөлін арттыру сияқты міндеттерді қамтиды, ол мемлекет деңгейінде ғана емес, сонымен бірге барша азаматтық қоғамның тікелей белсенді жұмылуы арқылы шешілуі тиіс. Әрі «Ана мен бала аллеясы» акциясы экологиялық отбасылық дәстүрді таратудың аспабына айналуы тиіс, яғни жас ұрпақты жасыл желекке ұқыпты қарауға тәрбиелеу қажет.