Елордада 16 қыркүйек пен 13 қазан аралығында күзгі экологиялық айлық өтеді. Оның аясында 21 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті.
№2 қалалық балалар ауруханасының ұжымы қалалық сенбілікке белсене қатысты.
Жалпы қалалық сенбіліктің негізгі мақсаты-қала көшелерінде тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару. Көшелер мен аулаларды абаттандыруға өз үлесін қосу.
7 қыркүйекте №2 қалалық балалар ауруханасының қызметкерлері кең ауқымды «Денсаулық фестивалі» акциясына белсене қатысты. Шара ұйымдастырушысы – Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы. Акция аясында «Денсаулық қалашығы» құрылды. Онда әр тілек білдіруші профилактикалық қарап-тексеруден өтті, денсаулық сақтау саласының мамандарынан консультация алды. Басты мақсаты жұртшылық пен халықты белсенді өмір салтын ұстануға тарту, дұрыс тамақтануға насихаттау болды.
Сондай-ақ ауурхана қызметкерлері жүгіру, армрестлинг, секіргішпен секіру, гир спорты сияқты жарыстарға қатысты. Онда біздің қатысушымыз Асылбек Ерғалы секіргішпен секіруден жарыста 2 орынды иеленді.
СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ
Құрметті отандастар!
Құрметті депутаттар, үкімет мүшелері!
Баршаңызды жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтаймын!
Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз.
Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады.
Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды.
Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық.
Бұл жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңі болды.
Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, Қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады.
Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр.
Біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз.
Өздеріңізге белгілі, осының бәрі менің сайлау алдындағы бағдарламама негіз болды.
Қазір мемлекеттік органдар оны жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстар жүргізуде.
Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын.
Біз өз жұмысымызда Елбасы ұсынған Бес институционалды реформа мен Ұлт Жоспарын толыққанды жүзеге асыру қажеттігін басты назарда ұстауымыз керек.
Елбасымыздың бастамасымен құрылған Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның жұмысын қайта жандандыру қажет.
Енді ортақ міндеттерімізді және сайлауалды бағдарламамды іске асыруға қатысты ой-пікірлеріме тоқталайын.