ЖАҢАЛЫҚТАР

20-22 қыркүйекте "BI-Жұлдызай" корпоративтік қорының "Тәлімгерлік" жобасы аясында Қазақстанға "Балалар денсаулығының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" ФМАУ нейроортопедия және ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі (Мәскеу қ.),  SICOT халықаралық травматолог ортопедтер қоғамының, EPOS Еуропалық балалар ортопедтері қоғамының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Константин Владимирович Жердев келді.

Ментордың келуі және балаларға екі бірегей операция жасау Айдын Рахимбаевтың жеке коллекциясындағы сағаттарды сату бойынша қайырымдылық акциясының арқасында жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, Тараз қаласындағы мамандандырылған "Үміт" балалар үйінен жетілмеген остеогенез диагнозымен 4 және 6 жастағы екі баланы операциялық емдеу жоспарлануда. Операция Нұр-Сұлтан қаласының «№ 2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасында», ортопедия және оңалту бөлімшесінің меңгерушісі Ағабек Әлібекұлы Чикинаевпен және дәрігерлер Бахтияр Әбдікерімұлы Жұмабеков, Арсен Нұрлыбекұлы Қалиев, Роман Юрьевич Соколовпен бірлесіп жасалуы жоспарланды.

Барлық дәрігерлер мен балалар атынан @bi.juldyzai.fond қорына, директоры Исабаева Гүлханға ынтымақтастық және көмек үшін алғыс білдіргіміз келеді.

МӘМС пакетімен қарастырылған стоматологиялық көмек тек балалар мен жүкті әйелдерге ғана тиесілі емес. Шұғыл стоматологиялық көмекті қажет болған жағдайда азаматтардың 9 түрлі санаты ала алады.

  • 18 жасқа дейінгі балалар;
  • жүкті әйелдер;
  • ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілген тұлғалар;
  • I, II, III, IV топтағы мүгедектер;
  • "Алтын алқа" және "Күміс алқа"алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
  • атаулы әлеуметтік көмекті алушылар;
  • жасы бойынша зейнеткерлер;
  • инфекциялық және әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын науқастар;
  • ерекше назар аударуды талап ететін балаға немесе бала кезінен I - топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін қазақстандықтар.

Тағы мақалалар...

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.