30 игі іс науқаны аясында, қалалық кәсіподақ филиалы «Ақниет» кәсіподақ ұйымы «№2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» қызметкерлері арасында қайырымдылық акциясын өткізді, жалғыз басты аналарға сыртқы киім түрінде сыйлықтар тапсырылды. Кәсіподақ ұйымының төрайымы Абдырова Светлана Анатольевнаға алғысымызды білдіреміз!
Алтын күз – керемет қуантушы кез, сонымен қатар бұл сенбіліктердің уақыты.
Күзгі сенбілік – бұл әдемі әлемде өмір сүруге деген ниетімізді көрсетудің ғана емес, сондай-ақ мұңды күз күндері уайымнан арылудың және ашық ауада серуендеудің тамаша тәсілі.
«№2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ұжымы өткен демалыс күні жалпықалалық сенбілікке шықты.