ЖАҢАЛЫҚТАР

Біздің клиниканың базасында "Ураностафилопластикадан кейін қатты және жұмсақ таңдайдың қалдық ақауларын жоюдың заманауи әдістері" мастер-класы өткізілді.

С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жақ-бет және пластикалық хирургия кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Серік Нұрмағанов оқытудың кураторы болды. Аурухананың жақ-бет хирургтары Ильясов Н. К., Гусейнов Ю. А., Бейсенов Ш. А., резиденттер Мурзабаев Т. К., Сейтзадинова К. қатысты.

Доктор Нұрмағановқа ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!

Біздің ауруханада кішкентай пациенттерге ғана емес, медициналық қызметкерлердің денсаулығына да қамқорлық жасау әдетке айналған. Біздің аурухананың салауатты өмір салты дәрігері мен "№ 15 Қалалық емхананың" гинекологиясымен бірлескен ынтымақтастықтың арқасында әйелдердің денсаулығын қорғау бойынша "Обырсыз өмір" онкүндігі өтті.

Мақсаты - қызметкерлердің назарын онкологиялық аурулардың алдын алу мәселелеріне аудару, скринингтік тексеріп-қараудан (маммография) уақтылы өту арқылы сүт безінің, жатырдың ісікалды және ісік ауруларын ерте анықтаудың, салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастырудың және өз денсаулығы үшін жауапкершілікті арттырудың маңыздылығы туралы әйелдердің хабардарлығын арттыру.

Сондай-ақ, "Сүт безінің ісік ауруларының даму қаупінің факторлары" тақырыбына сауалнама, онкоскрининг сауалнамасы, гинекологтың профилактикалық тексеруі өткізілді.

Ауруханамыздың қабырғасында травматология және ортопедия бөлімшесінің жас пациенттеріне арналған «Қыстағы дәрумендер. Жағымды және жағымсыз жақтары» танымдық викторина өтті.

Салауатты өмір салты бағдарламасы аясында біз интерактивті және танымдық іс-шараларды жиі өткізуге тырысамыз. СӨС дәрігері Светлана Абдырова мен бөлімше тәрбиешісі балаларға дәрумендердің пайдасы, тәуліктік тамақтану және қысқы кезеңде оларды толықтырудың ерекше қажеттілігі туралы тағы да еске салды.

Балалар ойын-сауық ойындарына қуана қатысып, дәрумендер туралы өлеңдер айтты.

Тағы мақалалар...

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.