ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханада «Көз ұясы жарақатын алған балаларға көрсетілетін мамандандырылған көмек» тақырыбы бойынша оталар мен шеберлік сабағы өтіп жатыр. Оталарды дәрігерлердің көпсалалы тобы – офтальмологтар, жақ-бет хирургтары жасайды. Шеберлік сабағына медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан-Ресей медициналық университетінің жақ-бет хирургиясы кафедрасының профессоры Серік Балташұлы Нұрмағанов шақырылды, ол инновациялық технологияларды – үш өлшемді (3D) модельдерді пайдалана отырып, көз ұясының төменгі қабырғасының жарақаттан кейінгі ақаулары пластикасы бойынша оталар жасайды. 3D моделі реконструктивті оталарды жоспарлаудың дәстүрлі әдістеріне теңдессіз қосымша. Бұл жақ-бет хирургтарына отаға дейінгі пішін мен функцияны тиімді қайталауға немесе жақсартуға мүмкіндік беретін технологиялық жетістік. Сондай-ақ, осы әдіс хирургқа ота кезінде және отадан кейінгі асқынуларды барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Терезеден құлау - балалардың жарақаттануы мен қайғылы жағдайлардың әсіресе қалаларда негізгі себептерінің бірі. Табиғи қызығушылығына байланысты балалар ашық терезеге өте осал. Көптеген жағдайларда балалар мидың жарақаттарымен, орталық жүйке жүйесінің, аяқ-қолдардың, сүйектердің, ішкі ағзалардың зақымдалуымен (бауыр мен көкбауырдың жарылуы) бірге ауыр жарақат алады, бұл ұзақ емдеуді және қалпына келтіруді қажет етеді, ол бірнеше апта немесе тіпті айларды қамтиды. Кейде бала денсаулығын толықтай қалпына келтіре алмайды және өмір бойы мүгедек болып қалады, баланың оқиға орнында немесе ауруханаға барар жолда қайтыс болуы сирек емес.

Бізге ауыл тұрғындары медициналық сақтандыру қаражаты есебінен медициналық көмекті қалай алуға болады және шұғыл жағдайда көмек көрсетіледі ме деген сұрақты жиі қояды.

@fms.kz сіздер үшін ауылдық пациенттің маршруты белгіленген жадынамаларды арнайы дайындады.

Тағы мақалалар...

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.