2019 жылғы 4 қазанда №2 қалалық балалар ауруханасы базасында қалалық Қазақстандық аурухана кәсіподағы әкімшілікпен бірлесіп Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Қарттар күнін өткізудің басты мақсаты – қарттарды, зейнеткерлерді назарсыз қалдырмау, қарттықты құрметтеу және құрметтеу дәстүрлеріне, олардың еңбегін мойындау және мемлекеттің дамуына көпқырлы үлес ретінде құрмет көрсету.
Іс-шараны аша отырып, бас дәрігер Б. С. Досмаилов отаншылдыққа тәрбиелеуді, қарт адамдарға құрмет көрсетуді – Қазақстанның мемлекеттік саясатын жүзеге асырудағы бірінші кезектегі маңызды мәселелер екенін атап өтті. «Сіздің еңбегіңіз бен барлық өмір жолыңыз өскелең ұрпақ үшін үлгі болып табылады. Сіз іс жүзінде Отанға және өз халқына шексіз қызмет етудің үлгісін көрсеттіңіз. Бұл үшін біздің төмен тағзым және алғыс білдіруімізді қабыл алыңыздар», –деді Біржан Серікбекұлы.
Сонымен қатар, №2 қалалық балалар ауруханасының еңбек ардагері, бұрынғы бас дәрігер К. К. Құлмұқанов құттықтау сөз сөйлеп, өз әріптестерін осы тамаша мерекемен құттықтады.
Халықаралық қарттар күнін атап өту игі дәстүрге айналды. Аурухана басшылығының құттықтауына Нұр-Сұлтан қаласының «Нұр Отан» партиясы Алматы аудандық филиалының өкілдері қосылды, онда аурухана қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етілді.
Концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қарттар үшін сыйлықтар мен мерекелік дастархан жайылды.
Елімізде қазіргі Денсаулық сақтау жүйесімен салыстырғанда көптеген артықшылықтары бар Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізіліп жатыр. Жүйе жүзеге асқан соң медициналық қызметтердің сапасы айтарлықтай жақсарып, бәсекелестік артады, әр адам өзіне ұнаған дәрігерді немесе емхананы таңдау мүмкіндігіне ие болады.
МӘМС шеңберінде зертханалық және диагностикалық қызметтер, медициналық оңалту және қалпына келтіру емі қолжетімді болмақ. Ұзын саны 11 миллионға жуық адамды құрайтын азаматтардың жеңілдік берілген санаты мемлекет тарапынан сапалы және қолжетімді медицинамен толық қамтамасыз етіледі.
Жалпы, 2020 жылы халықтың шамамен 95 пайызы МӘМС жүйесіне қатысушылар қатарына қосылады.
Сондай-ақ, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты сұрақтарыңыз болса, 1406 байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.
(Байланыс орталығы сенбі, жексенбі және мерекелік күндерді санамағанда, күн сайын ⏰09:00-18:00 аралығында жұмыс істейді. Қоңырау шалу тегін).
Ағымдағы жылы жеке кәсіпкерлер ЖК ретінде өзіне жарна төлеуден босатылған, бірақ жұмыс беруші ретінде өздерінің жалдамалы қызметкерлері үшін аударымдарды төлеуді жалғастыруда. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЖК жарналары есептеу объектілерінің 5%-ын құрайды.
Жеке кәсіпкерлердің жарналарын есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшері болып табылады. Осылайша ЖК 1,4 ЕТЖ-ның 5% төлейді.
Маңызды!
Егер қандай да бір медициналық ұйымда сізге қызмет көрсетуден бас тартса немесе қызмет сапасыз көрсетілсе, біздің байланыс орталығына хабарласуларыңызды сұраймыз - 1406.