«№2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасында» бүгін, 28 қыркүйекте, Астана қаласы Мәслихатының қолдауымен халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобына арналған «Сүндет 2023» қайырымдылық акциясы өтеді. Акцияға 40 бала қатысады.
Бұл шараны Астана қаласы мәслихаты жыл сайын өткізеді.
ҚХР-ға жұмыс сапары аясында «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында «Ынтымақтастық жемістерімен алмасу» тақырыбында халықаралық медициналық алмасу және ынтымақтастық жөніндегі 3-ші Карамай форумына қатыстык. Медицина саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бүгін №2 ҚКБА Астана қаласын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Ауданнан қоқыс жинап, терезелер мен витраждарды жуып, қураған ағаштарды алып тастадық.
Таза ауадағы ұжымдық жұмыс көңіл-күйіңізді көтеріп, жұмыстан алшақтатады.