Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 1 наурыз күні Өңірлік кадрлық резервке іріктеу басталады, құжаттар осы жылдың наурыздың 31-іне дейін onir.pkrezerv.gov.kz сайтында қабылданады.
Жобаның негізгі мақсаты – жас басқарушылардың аймақтық пулдарын қалыптастыру және дарынды жастарды өңірлерді дамытуға тарту.
Өңірлік резервке іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар азаматтар қатысуға жіберіледі.
Әрбір өңірлік резерв бойынша нақты салалық бағыттар мен резервшілердің саны өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай және мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың басымдықтары ескеріле отырып, өңірлік кадр комиссияларымен айқындалатын болады.
Қосымша ақпарат алу үшін Сіз ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментіне 8 (7172) 24-89-26, 24-88-96 байланыс нөмірі арқылы хабарласа аласыз.
Қазақстандықтарға DariKZ мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасы қолжетімді болды. Енді жаңаша жолға қойылған қызмет пайдаланушыларға дәрілік заттардың жағымсыз реакциялары жөнінде дербес мәлімдеу мүмкіндігін береді.
Осындай ақпарат қазақстандықтарға қолжетімді дәрілердің қауіпсіздігі мен сапасын қадағалауға көмектеседі.
Карта-хабарламаны жіберу үшін «Жанама әсері» бөлімін ашу, хабарламаны жөнелтуші, пациент пен препарат туралы мәліметтерді толтыру, сондай-ақ кері байланыс және қажет болған жағдайда ақпаратты нақтылау үшін байланыс деректерін көрсету, одан кейін «Жіберу» тетігін басу қажет.
Мобильді қосымшадағы жаңа қызмет дәрілік препараттардың қауіпсіздігін бақылау жүйесі үшін және фармакологиялық нарық айналымына қатысушылармен, оның ішінде ақпараттың бастапқы дереккөзі ретінде тұрғылықты халықпен өзара байланысуға арналған тиімді құрал қызметін атқарады.
Google Play Market
https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.dari
AppStore
https://apps.apple.com/kz/app/darikz/id1518808783
Шеберлік сабағының мақсаты - ҚР практикалық денсаулық сақтау саласында әрі қарай ендіру үшін балалар хирургтерінің біліктілік деңгейін арттыруға арналған балаларға эндоскопиялық және реконструктивтік операцияларын жасау.
Жаңа туған нәрестелерде гидронефроз, уретерогидронефроз, қуық-несепағар рефлюксі сияқты аурулары 1:1500 қатынасында кездесетінін айта кетейік.
Ақаулардың бұл түрлері жоғары білікті эндоскопиялық және реконструктивті-пластикалық операцияларды қажет етеді. Мысалы, гидронефроз кезінде Anderson-Hynes әдісімен лапароскопиялық пиелопластика жасалады, қуық-несепағар рефлюксі кезінде ҚНР гельмен эндоскопиялық түзету жүргізіледі, жұлындық қуық кезінде - қуық аугментациясы, уретеронеостомия, Митрофанов бойынша аппендиковезикостомия жасалады.