ЖАҢАЛЫҚТАР

Біздің ауруханаға 6 жасар бала дөңгелек батареяны жұтып қойып түсті. Оны эндоскопиялық әдіспен, маскалық наркоз арқылы алып тастау мүмкін болды. Бірақ ең қорқыныштысы – батарея алынғаннан кейін де жарық шашуын жалғастырды!

Бұл неге қауіпті?

Бүгін, 11 ақпанда, Астана қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Департаментінің өкілінің қатысуымен дәріс өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі аспектілері және оның қолдану практикасы қарастырылды. Сондай-ақ 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының іске асырылуына ерекше назар аударылды.

Дәріс кезінде өзекті сұрақтар қойылып, тәжірибелік мысалдар талқыланды.

Клиникалық-диагностикалық зертханасында психолог Адаева Г. Б. және СӨС дәрігері Абдырова С. А. ұйымдастырған лекция-тренинг өтті.

Кездесу барысында 20-дан астам медицина қызметкері кәсіби күйзелістің алдын алу, этика және деонтология, сондай-ақ тиімді коммуникация мәселелерін талқылады.

Семинардың бірінші бөлімінде психолог Адаева Г. Б. физикалық және психикалық денсаулықты сақтау бойынша тәжірибелік ұсыныстар беріп, жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдіктің маңыздылығын атап өтті.

Тағы мақалалар...

Соңғы жаңалықтар

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.