Үстіне ыстық су төгіліп, денесінің 25%-ын күйік шалған. Жазатайым болған жағдайдан шок алған баланың жүрегі ауруханаға бара жатқан жолда тоқтап қалған. Астанадағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына дереу жеткізілген сәбиге дәрігерлер шұғыл көмек көрсетті.
Астаналық дәрігерлер 6 айлық сәбиді ажалдан аман алып қалды. Әдетте жүрегі тоқтаған науқастың жағдайын қалпына келтіру үшін тек 4-5 минут уақыт беріледі. Ал бұл сәбидің жүрегі 10 минут соқпаған.