ЖАҢЫЛЫҚТАР

Астанада апта қатты аяз бен көктайғақпен басталды. Қазірдің өзінде ауа температурасы 30 градустан төмен түсті. Жарақат пен үсікке шалдықпау үшін қауіпсіздік шараларын сақтаңыз және көшеде ұзақ жүрмеңіз. Балаларға ерекше қамқорлық жасаңыз.

Сондай-ақ қазір қалада - көктайғақ. Құлап кету мен жарақаттануды болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтаңыз. Көлік жүргізу кезінде жылдамдықты және қашықтықты сақтаңыз.

«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы күндері ауа райының тағы да суытатынын хабарлады. Бүгін термометрлер 30-35 градус аязға дейін төмендеді.

Ертең, 11 қаңтарда синоптиктер аздаған қар жауады деп болжайды. Солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Түнде ауа температурасы 33-35, күндіз 25-27 аязға дейін төмендейді.

Есіңізде болсын, көшеде қасыңызда бала болса, қауіпсіздікті одан да қатаң қадағалауыңыз керек!

Біздің аурухананың әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті ұйымдастырған балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгілік «Жастар» театрында өтті. Мереке 273 бала мен олардың ата-аналары үшін ұйымдастырылды. Сондай - ақ, біздің кәсіподақ мүшелері балаларға жаңа жылдық сыйлықтар алды. Сондай-ақ, біздің кішкентай пациенттер үшін жаңа жылдық құттықтау ұйымдастырылды. Оларды Аяз Ата, Ақшақар, қуыршақтары Аю мен Қоян құттықтады. Балалар көптеген жағымды эмоциялар алды. Балалар «Мереке» қорынан сыйлықтар алды. Барлығын келе жатқан мерекемен құттықтаймыз! Баршаңызға зор денсаулық, амандық, өркендеу тілейміз!

Тағы мақалалар...

Соңғы жаңалықтар

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.