Бүгін «AMANAT» партиясы «Алматы» аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Алматы» ауданына қарасты медициналық ұйымдар арасында №6 қалалық емхана базасында Үстел теннисінен турнир өтті.
I орын - №2 Көпбейінді балалар ауруханасы
Бүгін Астанадағы «AMANAT» партиясы ғимаратында өткен Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Республикалық кеңес отырысына қатыстым.
«Қазақстан балалары» бағдарламасы аясындағы талқылау барысында балаларды сыртқы қауіп-қатерлерден қорғау мәселесін көтердім: биіктіктен құлау, суицид әрекеттері және улану жағдайлары. Соңғы айлардағы статистика алаңдаушылық туғызады және жүйелі тәсілді талап етеді.
Сақтық шаралары — қауіптің алдын алудың алғашқы қадамы.
2025 жылдың алғашқы 3 айында балалар арасында биіктіктен құлаудың 18 жағдайы тіркелді, оның екеуі өліммен аяқталған.