2025 жылғы 20 тамызда Абай облысының Үржар ауданынан Астанаға жол-көлік оқиғасынан қатты зардап шеккен екі бала шұғыл тасымалданды.
Тасымалдауды Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық авиация күштері жүзеге асырды. Ұшу дәрігер А. С. Бейсенов пен фельдшер Е. С. Құндақбаевтан тұратын мобильді бригаданың сүйемелдеуімен өтті.
Бүгін санитариялық авиация арқылы Астана қаласының №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына екі бала жеткізілді.
Олар Анестезиология-реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне орналастырылып, барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Жуырда қыз баланың үстіне футбол қақпасы құлап түсті.
Бала өте ауыр жағдайда жеткізілді: бас миының ауыр жарақаты, кома, өмір үшін күрес…