Жыл басынан бері біздің ауруханаға терезеден құлап түскен 30 бала жеткізілді. Өкінішке қарай, төрт бала көз жұмды.
Көп жағдайда мұндай жағдайлар баланы ересектер қараусыз қалдырған кезде болады.
Бала терезе алдына шығып, маса торына сүйенеді
— бірақ ол оны ұстап тұра алмайды. Бір сәтке ғана назар аудармасаңыз — қайғылы оқиға орын алуы мүмкін.
Қауіп тобына 2 мен 13 жас аралығындағы балалар кіреді.
Алатын жарақаттар өте ауыр:
• бас жарақаттары,
• қол-аяқ сынуы,
• ішкі ағзалардың зақымдануы.
Кейде екінші қабаттан құлау да өлімге алып келеді.
Бала амандығы – ата-ананың жауапкершілігі!