ЖАҢЫЛЫҚТАР

2025 жылғы 26 мамырда Астана қаласының №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының базасында Балаларды қорғау күніне орай және республикалық «Дәрігер – балалардың жанашыры» акциясы аясында балалар ортопедтері мен травматологтарының ашық қабылдауы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – балалар арасында тірек-қимыл аппараты ауруларының алдын алу және ортопедиялық пен травматологиялық бұзылыстарды ерте кезеңде анықтау. Сағат 14:00-тен 16:00-ге дейінгі аралықта 80-нен астам бала мамандандырылған тегін кеңес алып, профилактикалық тексеруден өтіп, тірек-қимыл жүйесін нығайту бойынша жеке ұсыныстар алды.

Ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, тәжірибелі дәрігерлерден кәсіби кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Ерекше назар омыртқа қисаюы, жалпақтабандылық, сколиоз және тұрмыстық немесе спорттық жарақаттардың салдары сияқты кең таралған мәселелерге аударылды.

Барлық қатысушыларға белсенділік пен сенім білдіргендері үшін алғыс білдіреміз!

Кішкентай пациенттерге көрсеткен қамқорлығы мен сыйлықтары үшін аурухана әкімшілігі мен кәсіподақ комитетіне ерекше алғысымызды білдіреміз.

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.