Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры кішкентай пациенттердің арасында «Дәрігерге алғыс - балалардың көзімен» атты челленджді іске қосады!
Не істеу керек?
— Сурет сал немесе қысқаша бейнетүсірілім түсір
— Онда сүйікті дәрігеріңе не үшін алғыс айтқың келетінін айтып бер
— Суретіңді немесе бейнетүсірімді Instagram-ға #Дәрігербалалардыңжанашыры хэштегімен жарияла
Пост мәтінінде міндетті түрде http://healthcare.gov.kz/ парақшасын белгілеп өт.
Өткізу мерзімі: 2025 жылғы 23 мамыр – 10 маусым аралығы
Ең үздік жұмыстар Денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады!
Мүмкіндікті жіберіп алма — қатыс та, өз сүйікті дәрігеріңе алғыс айт!