Директор

ҚҰЛЫШЕВА ГҮЛНАР ЕРЕЖЕҚЫЗЫ
Дәрігер-педиатр, медицина ғылымдарының кандидаты,
«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «PhDr» философия докторы,
Денсаулық сақтау саласының экономикасы мамандығы бойынша МВА бітірген.
Жұмыс өтілі 25 жыл, оның ішінде басшылық лауазымда – 16 жыл.
Білімі:
- Қарағанды мемлекеттік медицина институтын дәрігер-педиатр мамандығы бойынша бітірген.
- Орталық Азия қоғамдық денсаулық сақтау университеті – Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы
Денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған, сондай-ақ көптеген құрмет грамоталарымен және мерейтойлық наградалармен марапатталған.
Директордың емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары

НҰҒМАНОВ МЕДЕТ ҒАЛЫМЖАНҰЛЫ
Жоғары санатты дәрігер
Білімі:
- Семей мемлекеттік медицина институтын 2000 жылы бітірді. ЖБ №0125062
2015 ж. Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті «Отоларингология» 216 сағ.
2019ж. ЖМК "Бала мен ересек пациентке шұғыл көмек көрсету тактикасы (BLS)" 8 сағ.
2020ж. "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау" сертификаты
Директордың медициналық қызмет сапасын бақылау және стратегиялық жоспарлау жөніндегі орынбасары

ӘШІМХАНОВ АЙДЫН НҰРТАСҰЛЫ
Білімі:
- Семей мемлекеттік медицина академиясы, оқу жылдары: 2003-2009 жж.
Мамандығы - «Емдеу ісі»
Біліктілігі - «емдеу дәрігері»
- «Хирург» мамандығы бойынша интернатураны аяқтады. «Семей мемлекеттік медицина академиясы», оқу жылдары: 2009-2010 жж.
- «Алматы Менеджмент Университеті»
Мамандығы - «Іскерлік басқару»
Дәрежесі - «Іскерлік басқару магистрі»
Қосымша білім:
- «Қоғамдық денсаулық сақтау/ әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша қайта даярлау.
- «Шағын инвазиялы хирургия» циклі бойынша біліктілікті арттыру.
- «Қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері» циклі бойынша біліктілікті арттыру.
«Қоғамдық денсаулық сақтаудың жедел функциялары» циклі бойынша біліктілікті арттыру.
Жұмыс тәжірибесі:
- 2010-2015ж.ж. - Өскемен қаласының №2 қалалық ауруханасы. Қабылдау-операциялық бөлімшесінің хирург-дәрігері.
- 2015ж. - Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 Көпбейінді қалалық аурухана» МКК қосымша дәрігер-хирург.
- 2015-2018ж.ж. - Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 Көпбейінді қалалық аурухана» МКК. Инновация және медициналық білім беру бөлімінің бастығы.
- 2018 жылдан бастап бүгінгі таңға дейін Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» МКК директордың медициналық қызмет сапасын бақылау және әлеуметтік даму жөніндегі орынбасары.
Директордың қаржы-шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары

МАМАЕВА РАЙХАН ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Білімі:
- 1998 жылы Ақмола қ. Ақмола қаржы-экономикалық колледжін кеден қызметінің инспекторы мамандығы бойынша бітірді
- 2000 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін экономист-қаржыгер мамандығы бойынша бітірді
- 2015 жылы Almaty Manag оқу орнын бітірді.
Ауруханадағы келесі қаржы-экономикалық қызметке жетекшілік етеді:
- жоспарлау және қаржылық талдау бөлімі;
- бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік бөлімі;
- мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және мониторинг бөлімі.
Ішкі аудит және пациентті қолдау қызметінің басшысы

БАҒЛАН БӘКИҚЫЗЫ ӘЛЖАНОВА
2018 жылғы 17 қыркүйектен бастап - ішкі аудит және пациентті қолдау қызметінің басшысы
Білімі:
- 1990 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын емдеу ісі мамандығы бойынша бітірді
Ішкі аудит және пациентті қолдау қызметі (ІА және ПҚҚ) жұмысының негізгі бағыттары:
- пациенттердің проблемаларын (шағымдарын), оларға сауалнама жүргізу арқылы пациенттердің медициналық қызметтердің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін зерделей отырып сол жерде және 5 күннен аспайтын мерзімде шешіп беру;
- пациенттерге медициналық көмек көрсету технологияларының денсаулық сақтау саласындағы белгіленген стандарттарға сәйкестігін бағалау (клиникалық аудит) және комиссиялық бағалауға жататын жағдайларды іріктеу;
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету қағидаларын сақтау;
- жұмыстағы ақаулардың алдын алуға және жоюға бағытталған және медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін бағдарламалық іс-шараларды әзірлеу
Клиникалық-диагностикалық қызметтің басшысы

Байназаров Олжас Корганбекович
Жұмыс өтілі-12 жыл
Білім:
2010 жылы "Астана Медицина Университеті" АҚ педиатрия мамандығын бітірді.
Мамандандыру:
"Балаларды оңалтудағы кинезио таспалау" 2014ж.
"Жүрек - қантамыр қызметінің жіті бұзылулары кезіндегі қарқынды терапия алгоритмдері" 2015ж.