Достар, дене белсенділігінің жақсы көңіл-күй мен толыққанды жайлы өмірдің кепілі екені құпия емес. Дене шынықтыруды бастауға ешқашан кеш болмайды.
ДДҰ ересектерге де, балаларға да қалыпты дене жүктемесін ұстануға кеңес береді. Осылайша өзіңіздің өміріңізді ұзартып қана қоймай, аурудың пайда болу қаупін азайтасыз.
Қантты сусындарды тұтынуды шектеңіз (0,5 литрлік бөтелкеде шамамен 10 шай қасық қант бар).
Шырындарда қант бар екенін есте сақтай отырып,нектары бар шырындар мен шырынды сусындарға артықшылық беріңіз. Күніне бір-екі стаканнан артық шырын ішуге болмайды. Ең жақсы сусын – су.
Трансмайлар дегеніміз құрамында қанықпаған май қышқылдарының транс-изомерлері бар майлар. Трансмайлар аз мөлшерде табиғи азық-түліктерде (күйіс қайыратын жануарлардың сүті мен етінде, сондай-ақ өсімдік майларында) болуы мүмкін, бірақ ең үлкен қауіпті өнеркәсіптік жолмен өндірілген және әртүрлі азық-түліктерге қосылған трансмайлар туғызады.