Миссиясы және пайымы

МИССИЯСЫ:

Күрделілігі орташа және жоғары медициналық көмек көрсету арқылы Қазақстан Республикасының Нұр-Сұлтан қаласы балаларының денсаулығын сақтау және нығайту.

ПАЙЫМЫ:

Қазақстан Республикасы  Нұр-Сұлтан қаласы шегінде бірегей  технологиялық және кадрлық әлеуетке ие көпсалалы жүйе құрушы балалар клиникасы.

ҚАҒИДАТТАРЫ:

№2 КҚБА қызметінің қағидаттары аурухананың жұмыс істеуінің ажырамас бөлігі болып табылады. Қағидаттар балалардың денсаулығын жақсарту миссиясын қолдауда сенімді негіз болып табылады, бұл:

  • қызметті жүзеге асырған кезде жоғары сапаға қол жеткізуге ұмтылу және жоғары сапа, және денсаулық сақтау саласындағы озық стандарттарды сақтау;
  • пациенттердің физикалық, эмоционалдық, психологиялық жағдайында құрметпен қарау және қабылдау;
  • кадрлардың зияткерлік әлеуетін барынша ашу;
  • қызметкерлердің жауапкершілігі және сенімділігі және орнықты дамуы;
  • емдеудің адалдығы және ашықтығы;
  • Бірыңғай мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуде қызмет процестерінің бірлігі және жұмылуы.

МАҚСАТТАРЫ:

  1. Озық медициналық технологияларды пайдалану арқылы шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетуде ҚР көп функционалды балалар клиникалары арасында көшбасшылық ұстанымды жаулау.
  2. Медициналық қызмет сапасы менеджменті жүйесін, пациенттердің қанағаттануы және қауіпсіздігі мониторингін жетілдіру жүйесімен қызмет көрсетудің пациент бағдарланған тұжырымдамасы.
  3. Балаларды сауықтыруға бағытталған көп функционалды ауруханалардың бар мүмкіндіктерін пайдаланудың тиімді жүйесін қалыптастыру.
  4. Клиниканы біліктілікті арттыру жүйесін, қашықтан және электрондық кәсіби дайындық бағдарламаларын дамыту арқылы жоғары мамандандырылған кадрлармен қамтамасыз ету.

НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:

  • Халықаралық тәсілдерді есепке алып, бала денспаулығын қорғау мәселелерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді орындау;
  • Медициналық көмек сапасының индикаторларын енгізу;
  • реанимациялық және оңалту көмегіне акцентпен енгізілген технологияларды есепке алып, кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
  • Балаларға сапалы медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін БМСК, консультативтік-диагностикалық орталықтар мен балалар стационарларымен өзара іс-қимылды, сабақтастықты жақсарту;
  • Балаларға білікті мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
  • Аурудың алдын алу және төмендету, аурудың ерте және жасырын нысандарын, әлеуметтік маңызды аурулар мен тәуекел факторларын анықтау бойынша халық және қызметкерлер арасында профилактикалық шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу;
  • Халыққа санитарлық-гигеналық тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, оның ішінде тиімді тамақтану, қозғалу белсенділігін күшейту, балалар мен жасөспірімдер арасындағы темекі шегі және басқа да зиянды әдеттермен күрес бойынша шаралар ұйымдастыру және өткізу.

БҰЛ МІНДЕТТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН АУРУХАНА МЫНАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРАДЫ ЖӘНЕ ӨТКІЗЕДІ:

  • Жіті және кездейсоқ аурулар, жарақаттар, улану және басқа да жазатайым оқиғалар кезінде науқастарға алғашқы және шұғыл медициналық көмек көрсету;
  • балаларға дәрігерлік көмекті уақтылы және білікті көрсету;
  • Жүрек қан тамырлары, мидың қан айналымының бұзылу салдарымен, тірек-қозғалтқыш аппаратының зақымдануымен, ауруларымен науқастарды қалпына келтіріп емдеу, қалпына келтіріп емдеу бөлімшесінде шоғырланған түрде қалпына келтіріп емдеу, оған тиісті кабинеттердің маман дәрігерлері: кардиолог, невропатолог, ревматолог, травматолог және т.б. тарту;
  • Эпидемияға қарсы іс-шаралар (СЭС-пен бірге), екпелер;
  • Балалар және жасөспірімдер арасында санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу және оларды гигиеналық тәрбиелеу;
  • Аурухананың персоналы мен бөлімшелерінің қызметін есепке алу. ДМ РЭДО және ҚР ДМ бекіткен нысандар бойынша есептер жасау, аурухана қызметін сипаттайтын статистикалық деректерді талдау, атап айтқанда жалпы ауруларды талдау;
  • Дәрігерлер және орта медициналық персонал біліктілігін арттыру бойынша шаралар.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.