Сатып алулар

Сатып алуды ұйымдастырушы Астана қаласының әкімдігі ШЖҚ «№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» МКК, Р.Қошқарбаев даңғ, 64, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды жүргізу туралы жариялайды.

Медициналық бұйымдарды және дәрілік заттарды сатып алу туралы ақпарат (атауы, қысқаша сипаты, сатып алу көлемі және сатып алу үшін бөлінген сомасы) осы хабарландыруға №1 қосымшада көрсетілген.

Жеткізу мерзімі - шартқа қол қойылған күннен бастап 16 күнтізбелік күн ішінде.

Нақты жеткізілген тауар үшін ақы төлеу беру-қабылдау актісіне Тапсырыс беруші қол қойған және Өнім беру есеп-фактурасын ұсынған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде Тапсырыс берушімен жүргізіледі.

Әлеуетті Өнім берушілердің жапсырылған конверттерге салынған баға ұсыныстары Астана қ., Р.Қошқарбаев даңғ., 64, 3-қабат, мемлекеттік сатып алу бөлімі мекенжайы бойынша, 21.02.2024 жылы сағат 09:00 минуттан бастап 28.02.2024 жылы сағат 12:30 минутқа дейін (жұмыс тәртібі сағат 08:30 минуттан бастап 17:30 минутқа дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліс 12:30 минуттан бастап 13:30 минутқа дейін) ұсынылады. Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары көрсетілген конверттерді ашу 28.02.2024 жылы сағат 15:00 минутта Астана қаласы, Р.Қошқарбаев даңғылы, 64, 3-қабат, мемлекеттік сатып алу бөлімі мекенжайы бойынша ашылады.

 

Әлеуетті өнім берушілер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін берілген баға ұсыныстарын кері қайтарып алуға құқылы.

Әлеуетті өнім берушімен ұсынылған баға ұсынысы хабарландырумен, сатып алу туралы шарт жобасымен, сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігімен көзделген сұрату шарттарына сәйкес, оның тауарды жеткізуді жүзеге асыруға берген келісімінің нысаны болып табылады.

Әлеуетті өнім беруші сатып алуға қатысу үшін 1 (бір) баға ұсынысын конвертпен жапсырылған күйде ұсынады, ол мынадай құжаттарды қамтиды:

  1. Хабарландыруға қоса берілген қосымшаға сәйкес, нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің мөрімен (бар болса) таңбаланған және қол қойылған бағалар кестесі. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысына жеткізумен байланысты барлық шығындар, оның ішінде салықтар кіреді;
  2. Лицензиялау немесе рұқсат рәсімдері арқылы рұқсат органдарымен жүзеге асырылатын әрекеттерді (операцияларды) іске асыру арналған жеке немесе заңды тұлғаның құқығын растайтын рұқсат;
  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің №110 қаулысының 4-тарауымен белгіленген талаптарға ұсынылған тауарлардың сәйкестігін растайтын құжаттар.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруға (бұдан әрі-хабарлама) сатып алынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың (хабарламаға №1 Қосымша, тізімі қоса беріледі және осы хабарландырудың ажырамас бөлігі болып табылады.

Баға ұсыныстары көрсетілген жапсырылған конверттің беттік жағында әлеуетті өнім беруші:

  • әлеуетті өнім берушінің атауын, орналасқан мекенжайын, байланыс телефонын, электрондық мекенжайын,
  • сатып алуды ұйымдастырушының атауын, орналасқан мекенжайын,
  • қатысу үшін әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы ұсынылатын тауарларды сатып алу атауын көрсетеді.

Белгіленген мерзім өткеннен кейін және/немесе 9, 10-абзац талаптарын бұза отырып ұсынылған баға ұсынысы бар Конверт хабарландырулар қабылданбайды (тіркелмейді) және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды сатып алу қорытындысын бекіту туралы шешім сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында оны бекіткен күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде жарияланады (www.2kqba.kz).

Сатып алуды ұйымдастыруға уәкілетті өкіл: К.А. Омурзаков, мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, тел: 8 (7172) 70-97-75.

 

Қосымшаны сақтау...

 

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.