ЖАҢЫЛЫҚТАР

2024 жылғы 8-19 қаңтар аралығында №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасында «Балалар мен жасөспірімдердің туа біткен және жүре пайда болған аяқ-қол деформацияларын хирургиялық емдеудің инновациялық әдістері» тақырыбы бойынша оқу курсы өткізіледі. Курс ұзақтығы 120 сағат, соңында біліктілігін арттыру туралы дәлел беріледі. «Травматология-ортопедия» мамандықтары (балаларға арналған).

Астанада жаңа травматологиялық пункт жұмыс істейді. № 2 КҚБА (Көпсалалы қалалық балалар ауруханасы) травматологиялық пунктінің филиалы оң жағалауда, Желтоқсан көшесі, 34 мекенжайындағы №2 емхана базасында орналасқан.

Травматологиялық пункт 24/7 жұмыс істейді. Қабылдауды балалар травматологтары екі ауысымда жүргізеді. 18 жасқа дейінгі жарақат алған балалар қабылданады. Қабылдауға тексеру, аяқ-қолдардың рентгенографиясы, алғашқы медициналық көмек, тігістер, аяқ-қолдардың иммобилизациясы кіреді. Егер пациентке стационарлық көмек қажет болса, онда ол № 2 КҚБА (Қошқарбаев, 64) жіберіледі.

№2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы және Академик Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығы бірлескен қызмет туралы шарт жасасып, дәрігерлерге арналған біліктілікті арттыру курстарын өткізетіні туралы хабардар етеміз.

№2 КҚБА білім беру кызметтерін көрсету үшін институционалдық аккредиттелген, оқытушылар құрамына медицина ғылымдарының кандидаттары, жоғары санатты дәрігерлер, Астана қаласының бас штаттан тыс мамандары кіреді. Сондай-ақ №2 КҚБА ҚР өңірлері бойынша көшпелі шеберлік сабақтарын, шетелдік мамандарды тарта отырып, халықаралық шеберлік сабақтарын ұйымдастырады. №2 КҚБА тиісті клиникалық базамен, инновациялық технологияларды пайдалана отырып, емдеу іс-шараларын, хирургиялық араласуларды жүргізуге арналған жоғары мамандандырылған заманауи жабдықпен жарақтандырылған.

Тағы мақалалар...

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.